Түркістан облысы Созақ ауданы Таукент кенті Адами Әлеуметтік дамыту Басқармасының №24 колледж студенттері арасында парламенттік сайлауы өткізілді.Студенттік парламент – студенттік өзін-өзі басқарудың бірыңғай органы ретінде студенттік тіршілік әрекетінің маңызды мәселелерін шешуге, студенттік жастардың пайдалы бастамаларын қолдауға және әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған студенттердің ынталы дербес қоғамдық қызметінің формасы.Студенттік Парламент жұмысының мақсаттары мен міндеттері:• жастар саясатын жүзеге асыру және оны толық іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеу;• студенттердің институттың профессорлар-оқытушылар құрамымен және әкімшілігімен кері байланыс орнатуы;• институт студенттерінің корпоративтік мәдениетін қалыптастыру;• жастардың қоғамдық маңызды бастамаларын жүзеге асыруға ықпал жасау;• студенттердің мәдени демалысын ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, жастар білім беру форумдарына, конкурстарға, әлеуметтік мәні бар жобаларға, түрлі студенттік бірлестіктерге тікелей қатысу;• жастар мәселелерін уақытында шешу үшін жастар саясатын жүзеге асыру бойынша институттың қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестіру;• сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және академиялық адалдық принциптерін жүзеге асыру бойынша іс-шараларды жүргізу.

«Менің отбасым, менің жанұям» тақырыбында шығармашылық жұмыс

«Ерлік көрсеткен ауылдастарымыз» атты тақырыпта Созақ ауданы Сызған елді мекенінде дүниеге келген Ұлы Отан соғысының ардагері Жылысбаев Мырзахмет атамызбен кездесу.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «№ 24 Колледж» МКҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Әлімбекова және топ жетекшілерінің уйымдастырылуымен «Ерлік көрсеткен ауылдастарымыз» атты тақырыпта Созақ ауданы Сызған елді мекенінде дүниеге келген Ұлы Отан соғысының ардагері Жылысбаев Мырзахмет атамызбен кездесу уйымдастырылды. Қазақстаннан 1941-1945 жылдарындағы қанды қырғынға 1,5 миллион ұл мен қыз аттаныпты. 600 мыңнан астам қазақстандық бұл соғыстан оралмады. 500-ден астамы елге Батыр атанып, аңызға айнала оралды.

«Жүз жыл жырлаған Жамбыл» атты тақырыбында Жамбыл өлеңдері оқытылды.

Түркістан облысы Созақ ауданы Таукент елді мекенінде «№24колледж» МКҚКда МГО -320 тобының жетекшісі Г.Әшірбекованың ұйымдастыруымен » Жүз жыл жырлаған Жамбыл» атты тақырыбында Жамбыл өлеңдері оқытылды. Студенттерге жыр алыбы Жамбыл ақынның өмірі мен шығармашылығын меңгерте отырып Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге тәрбиелеу. Ақын өлеңдерін талдай отырып студенттердің дүниетанымы мен ой өрісін дамыта отырып Жамбыл шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге баулу.

«Күш атасы Қажымұхан» тақырыбында студенттерге деректі фильм көрсетілді.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «№24 колледж» МКҚК БАС- 220 тобының жетекшісі А.Дауренбекова «Күш атасы Қажымұхан» тақырыбында студенттерге деректі фильм көрсетті. Қажымұхан қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой балуан. Күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, бәсекелестерінен басым түскен Қажымұхан әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ батыры.

«Ұранды ердің — ұрпағы қайсар» тақырыбында тәрбие сағаты

Түркістан облысы Созақ ауданы Таукент елді мекені «№24 колледж»МКҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Әлімбекова және топ жетекшілердің ұйымдастырылуымен 6-мамыр күні топтар арасында «Ұранды ердің — ұрпағы қайсар» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Студенттерге Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

«Семей палигоны — тарихтың қасіретті беттері» тақырыбында студенттерге презентация көрсетілді.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «№24 колледж» МКҚК ХТЗ-219 тобының жетекшісі А.С.Болысбаеваның ұйымдастыруымен «Семей палигоны — тарихтың қасіретті беттері» тақырыбында студенттерге презентация көрсетті. Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беріліп, қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне зиян келтіретінін айтып келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсініктемелер беріп өтті.

«Салауатты ауыл-Саламатты Қазақстан-Ауыл мен Қала» тақырыбында студенттер арасында дебат ұйымдастырылды.

Сабақтың тақырыбы: Салауатты ауыл-Саламатты Қазақстан-Ауыл мен Қала.Сабақтың мақсаты: Тақырыптың өзектілігіне,тақырыптың негізінде мәлімет жинау мен өз ойын ортаға салу, пікір талас арқылы білімін толықтыру,өз ойын еркін, мәдениетті,әдеби тілде жеткізе алуға баулу. Сабақтың түрі: пікірталас (дебат Карл Поппер әдісімен ).Сабақтың көрнекілігі: слайд,газет-журналдардан жинақталған мәліметтер,ақпарат арқылы жинақталған материалдар, бейнетаспа т/б.Пәнаралық байланыс: биология,тарих,қазақ тілі,математика,шет тілдері.Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру бөлімі.Бүгінгі сабағымызда 1курс арасында өткізгелі отырған пікірсайыс сабағымызды бастаймыз. Бірінші палатада (яғни топта) -3 скипер. Олар МГО-320 тобының студенттернің; 1-ші Есентай Аят 2-ші скипер Төреқасымұлы Мұзарт 3-ші скипер Жаңабай Берік.Бұл топ мүшелері жалпы Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі және спорт ауылдық жерде дамып, қарқын алуда деп ойлайды. Сол мақсатта өз ойларын ортаға салып талқылайды. Екінші палатада -3 скипер. Олар ХТЗ-320 тобының студенттері. 1-ші скипер Қыдырбек Біржан. 2-ші скипер Дарбызбай Аружан 3-ші скиперРахымбек Айдана Бұл топ мүшелері жалпы Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі және спорт ауылдық жерде емес, керсінше қалада жақсы дамыған деген ойда. Сол ойларын ортаға салып талқылайды.Бірінші топтың бірінші скипері Есентай Аят Біздің топтың қозғап отырған мәселесі, бүгінгі таңдағы ауыл спорты Қазақстан Республикасы бойынша дене тәрбиесі және спорт ауылдық жерде жақсы дамып ,қарқын алуда. Одан әрі өз сөзін «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ел тұрғындарының ауруын ескерту және денсаулығын нығайтуға байланысты» біршама құжаттар қабылданғанын. Соның ішінде« Ел Президентінің Қазақстан халқына арналған жолдауы», «Қазақстан-2030 жылға дейінгі даму стратегиясы», «Салауатты өмір салтының кешенді бағдарламасы», қалыптастыру бойынша мамандар дайындау туралы» және «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындауға Мемлекеттік тапсырыс туралы» құжаттар қабылданғанын іске асып жұмыс жасап жатқандығы туралы толығырақ баяндап өтті. Сондай-ақ шалғай ауылдарға бөлініп жатқан кадр мәселесі туралы атап өтті. Сол оқу орындарын бітірген мамандар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға барып, үкіметтің берген жеңілдігін пайдаланып, еңбек етуде. Олардың бәрі де өз мамандықтары бойынша еңбек етуде. Сөзінің соңында қарсы команданың үшінші ойыншысы сұрақ қойып, оған жауап қайтарылды.ХТЗ-320 тобының бірінші скипері өз тобын толықтай таныстырып өтті. Қарсылас тобының бірінші скипері Есентай Аятқа атап өткен бағдарламаларына толықтай келісетінін айта кетіп, бірақ сол бағдарламалардың ауылда мықты жұмыс жасап жатқандығына қарсы пікір туғызды. Ауылда не спорт алаңы, не спортзалы бүгінгі таңдағы талапқа сай емес екендігі,оқушылардың аздығы, ауылдағы кадр мәселесінің кемшілік тұстарына толығырақ тоқталып, ауылдағы спорттың жағдайының сын көтермейтіндігін нақты фактімен айтып қарсылық білдірді.Сайыс соңында шұбар доп мектеп лигасында жеңіске жеткен ауыл спортшыларының жеңісі ауыл спортының даму үстінде екенін дәлелдеп берді.Осының арқасында МГО тобының студенттері женіске жетті.

Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.

28 сәуір күні Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының №24 колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлімбекова Майра апай, ХТЗ–320 топ жетекші: М.Есенгали топ студенттерімен ұйымдастыруымен өткен іс– шара: «1 мамыр – Халықтар бірлігі күні»Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

«Табиғатты аялайык» тақырыбында студенттер арасында «Озон», «Кұбылыс» дебат командалары сайысқа түсіп, өз білімдерін көрсетті.

20 сәуір күні Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «№24 Колледжі» МКҚК ХТЗ -219 тобының жетекшісі А.С.Болысбаева «Табиғатты аялайык» тақырыбында студенттер арасында «Озон», «Кұбылыс» дебат командалары сайысқа түсіп, өз білімдерін көрсетті. Ата-бабамыз ұланғайыр қазақ жерін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап бізге қалдырды. Біз келер ұрпақтың алдында табиғатты таза сақтап қалуға міндеттіміз. Студенттер білім іскерліктерін, ізденімпаздықтарын көрсете отырып әрбір Қазақстан азаматы өз ұлтының келешегі үшін қалдырар мұрасы табиғат екенін білу керек екенін түсіндірді.

Создайте подобный сайт на WordPress.com
Начало работы